Зоналдық ғылыми жобалар сайысы
Ақтоғай ауданында М.Қайырбаев атындағы орта мектебінде аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлері ұйымдастыруымен зоналдық ғылыми жобалар сайысы өткізілді. Сайысқа Ақтоғай аудан мектептерінен 8-11 сыныптан 43 оқушы, Ертіс ауданынан 7 оқушы ғылыми жобаларын қорғады. Павлодар қаласы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының маманы Д.К.Саламбекова қатысып облыстық іріктеу турына 28 жұмысы қабылдады: Абай атындағы ОМ-8, Қараоба ОМ-6, Ыдырысов ат.ОМ-5, Нығманов ат.ОМ-3, Қайырбаев ат.ОМ-2, Жалаулы ОМ-1, Шолақсор ОМ-1, Тіленшин ат.ОМ – 1, Жамбыл негізгі мектебінен-1.
Ақтоғай ауданы әкімдігінің сайтынан




















