Лебяжі ауданында облыстық ақындар айтысы өткізілді

Лебяжі аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына   арналған  «Тәуелсіздік тұғырым» атты облыстық ақындар айтысы өткізілді. Айтысқа Павлодар, Екібастұз қалаларынан, Баянауыл, Ақтоғай, Лебяжі аудандарынан  12 ақын  келіп қатысты. 

Айтыстың  негізгі  өткізу мақсаты: жас талантты ақындарды  шындау, ақындық тілмен еліміздегі халқымыздың ұлылығын, Тәуелсіз еліміздің осы уақытқа жеткен жетістіктерін айшықтап айтып кету. Айтыскер ақынның орақ тілділігі, от ауыздылығы, білімділігі, көркем сөзбен астарлы сөздерді орынды қолдануы, тақырыпты аша біліп қарсыласына орынды да ұтымды жауаппен тойтарыс беруі.

Бас жүлдені Павлодар қаласынан Асығат Тұрғанбек жеңіп алса, бірінші, екінші орындарды  Павлодар қаласынан Қуаныш Шарманов  пен Екібастұз қаласынан келген Алмагүл Жүгінісова өз ара бөлісті. Үшінші орын жерлесіміз жас ақын Есім Бейбітханға бұйырды.

Жеңімпаздарға әр дәрежедегі дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Қалған қатысқан ақындарға Алғыс  Хаттар  жолданып,  ақшалай сыйлықтар  табыс етілді.  Аудан әкімі өз атынан Баянауылдан келген Тілек Сеитовке және Алмагүл Жүгінісоваға ақшалай  сыйлық берді. Жалпы айтыс  өте жақсы өтіп келген қөрермендердің көңілінен  шықты.    

Лебяжі әкімдігі сайтынан     

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить