«Жастар – 2012-2014» аудандық бағдарламасы әзірленуде

Таяу арада 2012-2014 жылдарға арналған аудандық «Жастар» бағдарламасы әзірленеді. Аудан жастарына қатысты өзекті мәселелерді назарға алып, шешу үшін арналған бағдарламаны даярлап, жүзеге асыру аясында билік өкілдері мен белсенді жастар арасында өзара тиімді байланыс орнатылуда. Мүдделі құзырлы орган басшылары мен жиырмаға тарта жастың басын қосқан аудандық әкімдіктегі жиында осы мәселе әңгіме арқауына айналды.

Жалпы, жастар қабылданғалы жатқан бағдарламаға орай бірқатар ұсыныстар білдірді, бірер аптадан соң, нақты ұсыныстарын жария ету үшін округ көшбасшыларының басы тағы қосылатын болады.

Павлодар ауданы әкімдігі сайтынан

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить