ҚР Зияткерлік меншік құқығын қорғау туралы заңға енгізілген өзгерістер
Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні сағат 10.00-нан 12.00-ге дейін облыстық тек қана «Аймақ айнасы» ақпараттық порталында Павлодар облысы бойынша әділет департаменті бастығының орынбасары Ернар Болатұлы Смағұловтың қатысуымен «ҚР Зияткерлік меншік құқығын қорғау туралы заңға енгізілген өзгерістер» тақырыбы бойынша интернет-конференция өтеді.
Қымбатты достар! Сіздерге таптырмайтын мүмкіндік келіп тұр. Сіздер көкейлеріңізде жүрген сауалдарыңызды on-line режимінде қойып, жауап ала аласыздар.
Бірде-бір сауал жауапсыз қалмайды. Сұрақтар алдын ала және «Аймақ айнасы» порталында (www.aimak-ainasy.kz) өтетін интернет-конференция күні көрсетілген уақытта қабылданады. Анықтама телефоны: 8 (7182) 63-21-92.
Конференцияның толық нұсқасын «Аймақ айнасы» веб порталында оқи аласыздар.




















