Павлодар облыстық радиосы

2012 жылғы 20-26 – ақпан аралығындағы “Павлодартелерадио” КМК хабарлары бағдарламасының қысқаша нұсқасы                                  

Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодартелерадио» КМК (облыстық радио) ақпараттық нарықта 1938 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Кәсіпорын телекоммуникация және байланыс торабында шаруашылық жүргізу мақсатында құрылған.

Облыстық радио қызметінің негізгі бағыты жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпаратты саясатты жүргізу; Ел президенті жолдауның басты бағыттары мен «Қазақстан 2030» стратегиясын іске асыру барысы жөнінде халыққа ақпарат беру; еліміз бен аймағымызда орын алып жатқан оқиғалар бойынша халықтың нақты шынайы ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыру; облыс әкімі мен жергілікті атқару органдарының қызметімен хабардар ету болып табылады.

2003 жылдың 19 наурызынан облыстық радио Павлодар қаласында 100,5 Мгц ҒМ жиілігінде жерүсті хабарларын таратуга лицензия алды.

2005 жылдың қарашасынан облыстық радио хабарлары ҒМ диапазонында аймақтың 37 тұрғылықты мекенінде спутниктік желі арқылы тарала бастады. Бұл Павлодар облыстық радиосының хабарларымен аймақ тұрғындарының 94 пайызын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Облыстық радио хабарларының таралу уақыты үзіліс пен демалыс күндерінсіз күн сайын 13 сағат. (7.00 ден 20.00 дейін)

Облыстық радио хабарларының негізгі үлесін мемлекеттік тапсырыс бойынша облыс, қала, аудан әкімдіктері ұсынатын, және де түрлі тақырыптарда жасалатын авторлық радиобағдарламалардан құрайды.

Павлодар облысы көлемінде облыстық радио хабарларын спутниктік желі арқылы таратуда техникалық көмекті біздің серіктесеріміз «Қазақстандық телекоммуникациялар» АҚ, «Қазтелерадио» АҚ, «Радиосервис» ЖШС бірлесіп көрсетеді.

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить