Жас аналар балаларын бізге әкелгеннен кейін өздері де қалып осында шейпингпен айналысуда. Олар спортпен мұнда тегін шұғылдануға болатынына таң қалады, - дейді «Қайсар» балалар мен жастар клубының меңгерушісі Қайролла Жанмурзин. Барлық жасөспірімдер клубтарында спортпен айналысып, шынығуға болады. 29 жасқа дейінгі павлодарлықтар үшін ақысыз салауатты өмір сүру салтын ұстануға мүмкіндік туды.
– Мұндай мүмкіндікті әрине көпшілік қолдап отыр, - деді «Балалар мен жастар орталығы» МҚКМ директоры Ерғалым Шаймарданов, - мысалы, қазірдің өзінде «Қайсар» клубына келіп спортпен шұғылдануға 250 адам ниет білдірді. Кәдімгі тұрғын үйдің жертөредегі бөлмелерде тай-карате, гір спортынан және шейпингтен жаттығулар өткізіледі, сонымен қатар мұнда үстел теннисінде ойнауға да болады.
Спортшылардың қол жеткізген жетістіктері осымен шектелмейді. Олар ары қарай қоржынға талай наградаларды салуға сенім білдіруде. Осындай спорт орталықтары Шығыс және Саяжай шағын аудандарында, сонымен қатар екінші Павлодар аймағында жоқ.


















