«Балауса-2012» қалалық балалар шығармашылығы фестивалінің бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысы шығарылды

 16 ақпанда Павлодарда дәстүрге айналған жыл сайын Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығымен өткізілетін  «Балауса-2012»  қалалық балалар шығармашылығы фестивалі бастау алды.

      Байқауға көркем өнерпаздар ұжымы және әншілер қатыса алады.

      Биылғы жылы байқау үш номинацияда өтеді –  эстрадалық, театралдық және хореографиялық.  «Эстрадалық вокал» номинациясы байқауының  іріктеу кезең фестивалі бастау алды. Әрі қарай қалған номинацияның  байқаулары өтеді. Қорытындылар сәуір айында гала –концертте жасалады. Ең жақсы қатысушылар үш жас ерекшелік тобымен белгіленеді.

      Бүгінгі күні ұйымдастырушы комитетке барлық  қаланың мектептерінен, мектептен тыс мекемелерден,балалар үйінен, мектеп-интернаттан    жүзден аса тапсырыс қабылданды.

     «Эстрадалық вокал» номинациясына 7-17 жасқа дейін  101 конкурсант тапсырыс берді. Іріктеу туры бір күні бойы өткізілді.

     Жылдан жылға қатысушылар саны ғана емес, олардың  шеберлік деңгейі де өсуде. Әділ қазылар құрамына кәсіби   вокалистер, музыканттар, хореографтар, актерлер, қаланың  мәдени орталығынан, музыкалық мектептер, педагогикалық колледж ұстаздары енді.

     Әділ қазылар конкурсанттарды келесі критерийлер бойынша бағалады – орындау шеберлігі, сахналық  мәдениет, әртістік қабілеттілігі, репертуары, нөмірлерінің мазмұны. Әділ қазылар іріктеу қорытындысы бойынша 55 лауреат анықталды- қатысушылардың 40 % әрбір жас ерекшелігі тобында (байқау нәтижесі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің ресми сайтында).

       «Театралдық  жанр» номинациясының іріктеу кезеңі 1 наурызда өтеді.

Add comment


Security code
Refresh