Павлодарда балалардың 9 аулалық клубы балалар-жасөспірімдер клубтарына айналды

Биылғы жылы Павлодардағы балалардың тоғыз аулалық клубы енді балалар-жасөспірімдер клубтары атанып, денешынықтыру және спорт бөлімінің қарауына өтті,

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

 Оларда хоккей және футбол, бокс, қазақша күрес, еркін күрес, хореография, шахмат, дойбы үйірмелері жұмыс істейді.

 Бұл жердегі жаттығуларға 29 жасқа дейінгі азаматтар тегін келе алады. Бұл ҚР Президентінің жастарды бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға тарту бойынша тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді.

 «Көптеген азаматтар бұл мүмкіндікке баға беріп үлгерді. Мысалы, «Қайсар» клубына 250 адам жазылып қойды», - деп атап өтті Балалар-жастар орталығының директоры Ерғалым Шәймерданов.

 Қарапайым тұрғын үйдің астыңғы қабатында тай-карате, кір тасын көтеру спорты, гимнастика және үстел теннисі бойынша жаттығулар жүргізіліп жатыр. Жас аналар бұл жерге балаларын әкеліп, өздері де шейпингпен айналысуға қалып отырады.

Қазақпарат

Add comment


Security code
Refresh