кәсіпорынның басшылығы

Нұржамал Сағадатқызы Тышқанова – Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының ШЖҚ «Аналитикалық ақпарат орталығы» КМК директоры.

1965 жылғы 16 ақпанда Ресей Федерациясы,  Новосібір облысы Купин ауданы Новониколаевка ауылында дүниеге келді.

Тарих және қағамтану мұғалімі мамандығы бойынша Новосібір мемлекеттік  педагогикалық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1982 жылы Купин ауданындағы Петропавловка ауылының 8 сыныптық мектебінде тарих мұғалімі болып бастаған.

  1986 жылы  Купин ауданы Басково ауылының сегіз сыныптық мектебінің директоры болып тағайындалды.

1989-1993  жылдар аралығында Ермак қаласының қызмет етуші жастар бөлімінің нұсқаушысы, мектеп және оқитын жастар бөлімінің хатшысы лауазымында қызмет етті.

1990 жылы Қазақстан ЖОЛБ Ермак қалалық комитетінің  бірінші хатшысы болып таңдалды.

1991 жылы жастар ісі бойынша меңгеруші, 1992 жылы – Ермак қалалық әкімшілігі басшысы аппаратының жастар ісі бойынша комитетінің төрағасы болып сайланды. 

1993 жылы  - Павлодар облысы әкімшілігі басшысы аппаратының жастар ісі бойынша комитеті төрағасының орныбасары.

1993-1995 жылдар аралығында Ақсу қалалық әкімшілігнің ішкі істер бөлімінің меңгершісі болып жұмыс істеді.

         1995 жылдан 2004 жылға дейін  Ақсу қалалық әкімшілігі басшысының орныбасары,  Ақсу қаласы әкімінің әлеуметтік жұмыстар бойынша орынбасары лауазымында қызмет етті.

2004 жылдан 2008 жылға дейін Павлодар облысы халықты жұмыспегн қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті бастығының орныбасары болды.

2008-2009жылдар аралығында Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы болды.

2009 жылғы 21 қыркүйектен бастап Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аналитикалық ақпарат орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры.

«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» белгісімен белгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерейтой медалімен марапатталды, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталды.

Бір ұлы бар.

 

 

Сманов Жұмабек Оркенұлы- Павлодар облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аналитикалық ақпарат орталығы» КМК директорының шығармашылық жұмыс жөніндегі орынбасары.

1972 жылы Павлодар облысы, Ақтоғай (бұрынғы Краснокутскі) ауданы Жаңабет ауылында туған. Мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Алматы «Қайнар» университетін сырттай тәмамдаған. Еңбек жолын Ақтоғай ауданы Чкалов кеңшарында қатардағы жұмысшы болып бастады. 1993 жылы Қ.Нығманұлы атындағы орта мектептің мұғалімі болып қабылданды.

Журналистика саласында 2001 жылдан бастап қызмет етеді. Облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі, экономика бөлімінің редакторы қызметтерін атқарды. 2005-2006 жылдар аралығында республикалық «Айқын» қоғамдық-саяси газетінің меншікті тілшісі болып істеді. 2006-2009 жылдары «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының редакторы. 2009 жылдың қараша айынан бастап 2010 наурызына дейін облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекші маманы қызметінде болды. 2010 жылдың наурызынан бастап халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі.

Бүгінгі таңда Павлодар облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аналитикалық ақпарат орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының шығармашылық жұмыс жөніндегі орынбасары.

Бірнеше мәрте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының «Жылдың үздік журналисі» номинациясы бойынша жүлдегері, республикалық «Қазақстан РТРК» АҚ-ы басқармасының «Құрмет грамотасымен» және Павлодар облысы мәдениет саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

Үйленген. Отбасында екі қыз өсіріп, тәрбиелеуде.

Add comment


Security code
Refresh